Тайланд Үкіметі баспана сұрап келген 100-ге тарта ұйғырды кері қайтарып жіберді

/uploads/thumbnail/20170708190040097_small.jpg

 

Жақында Тайланд Үкіметі осы елден баспана сұрап, бас сауғалап  қашып келген 100-ге тарта ұйғыр ұлты азаматтарын ҚХР-на қайтарып бергенін хабарлады. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Азаттық» сайтына сілтеме жасай отырып жазады. Сонымен 3 бірдей мемлекетті қамтыған босқындардың даулы оқиғасы былай басталған.

Түркия территориясы арқылы Тайландқа қашып бара жатқан жүзге тарта ұйғыр азаматы Тайландтағы Түркия елшілігі алдында шу шығарған.

Генерал-майор Вирахон Сухонфапатипак мырза, «Тайландқа заңсыз келген 90 ұйғыр мигранты сәрсенбі күні Қытайға қайтарылды»,-деп мәлімдеген.

Ал, bangkokpost-тың хабарлауынша, 8-шілде күні Ыстамбұлдағы Тайланд елшілігі алдына жүздеген адам жиналып, наразылық акциясын ұйымдастырған. Акция соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласып, нәтижесінде елшілік ғимаратының есік-терезелері қираған.

Ал, түркиялық Hurriyet басылымының мәліметіне сүйенсек, «Шығыс Түркістанды азат ету» қозғалысының 200-ге тарта белсендісі елшілік алдында Банкогтың ресми түрде этникалық ұйғырларды Қытайға кері қайтару туралы шешіміне наразылық білдіріп, шеруге шыққан.

 Ал Тайланд Үкіметі болса, өздерінен саяси баспана сұрап келген «ұйғыр» мигранттарының арасындағы дауды  Пекин мен Анкара өз арасында шешуі  тиіс деп санайтынын жеткізген.

Сондай-ақ, Тайланд премьер-министрі бейсенбі күні аталмыш даулы мәселеге қатысты жасаған ресми мәлімдемесінде  пана сұрап келген жүздеген ұйғырды ел Үкіметі Қытайға кері қайтарғанын растады. Тайландтың премьер-министрі Праюд Чано Чанның сөзінше ұйғыр босқындарының  тағы бір бөлігі Түркиядан баспана сұрап барған.

Сонымен қатар, Қытайдың Сыртқы істер министрлігі Тайландты баспаналауға ниетті  ұйғыр босқындары туралы ақпаратқа қатысты арнайы мәлімдеме жасаған.

Онда «Ұйғырлар - Қытай халық республикасы аумағында тату-тәтті тұрып жатқан 56 этникалық ұлттың бірі. Сондықтан ең әуелі олдар қытайлар болып есептеледі. Егер қандай да бір қытай тұрғыны шетелге заңсыз өтіп кетсе, онда үкімет сол елмен ынтымақтастығын күшейтуі тиіс» деп мәлімдеген.

Қазіргі таңда Қытайдың Шыңжаң өлкесінде 9 миллионға жуық ұйғыр этносы тұрады. ҚХР Үкіметі тарапынан Шыңжаң ұйғырларына автономиялық аудан статусы берілген. Қазіргі таңда Қытай аумағында тіршілік етіп жүрген 56 этникалық ұлттың бірі – ұйғыр белсенділері бірнеше мәрте ұлтаралық қақтығыстарда дүрдараздық тудыруға тырысқан болатын. Алайда, Қытай құқық қорғау қызметкерлері оларды басып отырған.   Ал бұл қақтығыстарға қатысты түркілердің мүддесі үшін шыр-пыр болатын  Түркия Республикасы  мен Батыс елдеріндегі ұйғыр белсенділері Қытай үкіметі жергілікті ұйғырлардың діни және саяси бостандығын шектеп отыр деп сынаған.  Тіпті, олар ұйғыр этникасын  қолдау акцияларын  да ұйымдастырған. Ал Қытай Үкіметі бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Қатысты Мақалалар