Пәтер алушыларды алдаған алаяқ ұсталды

/uploads/thumbnail/20170708190140051_small.jpg

Алматырда тұрғындарды арзан бағамен «беделді» ауданнан үй алып беремін деп алдап келкен келіншек ұсталды. Алаяқ өзін жылжымайтын мүліктің сарапшысымын деп таныстырып келген. Бүгінгі таңда оған 15 адамның алданғаны анықталған. Оңтүстік Қазақстанның тумасы бұрын да алаяқтықпен істі болған екен. Алайда қылмыстық жауапкершілікке тартылудан ол сабақ алмаса керек. Пәтер сатып алмақ болғандар оның қолына қомақты қаржыны сеніп тапсырған. Мүмкіндікті мүлт жібермеу мақсатында, арзан бағаға жақсы ауданнан үй алмақ болғандар осылайша алданып келген. Алматы қаласының ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды. Тергеушілер алаяқ әйелге бұдан да көп алданғандар болуы мүмкіндігін айтады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар