Кеше 24 жасар ұры қалалық тұрғынүйлердің бейнебақылауына түсіп қалған жерінен ұсталды. Алматы қаласының тұрғыны бұған дейін де үй аулаларынан велосипед ұрлауды әдетке айналдырған екен. Өзінің түсініктемесінде ол : «велосипедті айдап кете беруге болады, көп адам мүліктің біреудікі екендігіне күдіктенбейді» деп айтып өтіпті. Осылайша ұрлауға ең ыңғайлы көлікті иеленемін деген кезекті жоспары оның әрекетін әшкере етіпті. Азамат П бұрын да істі болып, жауапкершілікке тартылған е. Бұл туралы Алматы қаласының ІІБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Қамшы» порталы хабарлайды. Ұрлауға оңай мүлікке сақ болу керектігін осы жайдан аңғаруға болады. Сонымен қатар, тұрғынүйлерге орнатылған бейнебақылаудың да сақтық шараларына әсері бар екенін байқасақ керек.
Пікір қалдыру