Осыдан тура бір ай бұрын Алматы қаласындағы Абай көшесінің жолына қоғамдық көліктерге арналған сары жолақ сызылған болатын. Қоғамдық көліктің қозғалысына жеңіл машиналардың кедергі келтірмеуі, жолаушылардың қауіпсіздігі мақсатында сызылған жолаққа әлі де жүргізушілер үйренісе алмай жатыр деп хабарлайды «Қамшы» порталы ІІБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Бір айдың ішінде аталмыш аймақта 771 құқық бұзушылық тіркеліп, 78 автокөлік айыптұраққа жөнелтілген.
Пікір қалдыру