Әбеновпен әңгіме

/uploads/thumbnail/20170708190153125_small.jpg

Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері, "Серпін" ұлттық жобасының төрағасы Мұрат Әбенов мырзамен кездесіп, аталмыш жоба аясында шетелден келетін этникалық қазақ жастарын Солтустік аймактарға тарту, оқыту, жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде ақылдастым. Бұл мәселе жөнінде Мұрат ағамыз өзі де біраздан бері ойланып жүр екен. Ары қарай аңгімеміз жарасып, бұйырса, біраз шаруалар жасауға келістік. Алғашқы адымда оның нақтылы жобасын әзірлеу керектігіне тоқталдық.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 66-бабында «1.Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың Қазақстан Республикасында білім алуға құқығы бар. 2.Мемлекет шетелдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға жәрдемдеседі» деп ашық жазылған. Соған сай, Үкімет әр жылы шетелден келетін 1400 балаға деп арнайы грант бөледі.
Оның үстіне, Елбасы тапсырмасымен Үкімет оралмандарды қоныстандыруда басымдық берілетін бес облысты белгілегенін білесіздер. Мәжілісте талқыланып жатқан "Халықтың көші-қоны туралы" жаңа заң жобасында аталған аймақтарға қоныстанатын ағайындарға жеңілдіктер қарастырылған.

Бір қызығы, бұдан бұрынғы жылдары сол дайындық бөлімдерінде оқитын оралман студенттерді онсызда халқы лықсып отырған Оңтүстік облыстарға орналасқан ЖОО-на бөліп келген.

Мұрат Абдуламитұлына осы жағдайларды баяндап бердім.

Біз сол дайындық бөлімдерге келетін қазақ жастарын да осы "Серпін" бағдарламасының аясына беріп, оларды келген бетте бірден халқы шалаң, жұмыс күші жетіспейтін Солтүстік аймақтарға жіберген дұрыс деген пікірге тоқтадық. Ол үшін Білім министрлігінің келісімі керек.
Бұлай болғанда жаңа келген жастар бытырамай, делдалдарға да жем болмай, бір орталықтан басқарылатын еді...

Тіпті қазірдің өзінде "Серпін" басшысы он ұл, он қыз - жиыны жирма баланы Астана маңындағы колледжен оқытуға азір екенін айтты. Оқу тегін, жатақ жане үш мезгіл тамакпен қаматамасыз етеді. Шарт - "Серпінде" көрсетілген облыстардан болу керек. Оқығысы келетіндер жекеме хабарласуына болады.

Ауыт Мұқибек, facebook

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар