Бүгін Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрiнжiповтың төрағалық етуімен Білім гранттарын тағайындау бойынша Республикалық конкурстың комиссияның отырысы басталды. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы BAQ.kz сайытына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Мемлекттік орган қызыметкерлері, ҚР Ұлттық кәсіпкерелер палатасы, Қазақстанның Азаматтар альянсы, Ғылым және білім кәсіподақ қызыметкерлерінің өкілдері, Жоғары оқу орындарының ректорлары кең көлемдегі отырыста соңғы жылдары ҚР БҒМ студенттік ортаны құру және таңдау сапасын жоғарылату бағытында ҚР БҒМ бірқатар жүйелі шараларды талқылады.
ҚР Ғылым және білім министрлігінің комиссия отырысында жоғары оқу орындарында талапкерлерді қабылдау барысына дайындық жұмыстарының қорытындысы бойынша грант саны тағайындалды: биыл жалпы саны 32 168 грант бөлінді. Оның ішінде 500 орын ЖОО дайындық бөлімдер арасында бөлінген және 29 668 грант 1 курсқа қабылдауға арналған. Күндізгі оқу бөлімінің грантының саны - 29 168, сырттай оқу бөлімінң грантының саны - 500. Білім гранттарын орналастыру құқығын конкурстық түрде анықталған 60 жоғары оқу орны алады.
Білім беру грантын тағайындау кезінде мынадай әлеуметтік топтарға квота бөлінген:
Жетім балаларға - 483(былтыр 426 болған)
I, II - топтағы мүгедектерге - 341( 2014жылы - 356)
Соғыс қатысушыларына теңестірілген жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша - 20 талапкер(2014 -5)
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, қазақ ұлтының өкілдері - 1190 (2014ж. - 1194).
Ендігі жерде, шет елдегі қандастарымызға Атамекеніне оралып, Қазақстан Республикасында білімін жетілдіруіне зор мүмкіндіктер туып тұр.