Шырайлы Шымқаладағы мектепке дейінгі білім беретін 295 нысан іске қосылған

/uploads/thumbnail/20170708192152004_small.jpg

Алматы. Қамшы порталы – Қазіргі танда Шымкент қаласында мектепке  дейінгі мекемелер саны 295 (мемлекеттік балабақшалар - 80, жекеменшік  балабақшалар - 170, мектеп жанында шағын орталықтар - 45).Шымкент қаласындағы  мектептер саны - 128 (3 кешкі мектеп), мектепке дейінгі мекемелер саны - 80,  мектептен тыс мекемелер саны - 9.

Жылдар

Мектептер

Балалақшалар

Мектептен тыс мекемелер

Мекеме саны

Оқушы саны

Мекеме саны

Оқушы саны

Мекеме саны

Оқушы саны

2013

84

108329

73

25135

8

12880

2014

128

148351

80

24377

9

15545

Педагог кадрлар

Жасөспірімдерге  салауатты өмір салтын насихатттау  мақсатында 91 спорт зал, 32 спорт алаңшалары жұмыс істеуде.Міндеттемеге сәйкес жоғарғы және І-санат мұғалімдер үлесі  30% болуы қажет.  Бұл білім мекемелерінде  48,5%-ды құрап отыр.

Балабақшадағы инклюзивті оқыту.  Шымкент қаласы бойынша 3-7 жастағы мектепке дейінгі мүмкіндігі шектеулі бала саны – 2198.  Қазақстан Республикасының  2002 жылғы 11 шілдедегі  «Кемтар балаларды  әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңына, 2014 жылғы 12 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің №893 Жарлығына және Қазақстан    Республикасы Үкіметінің  2013 жылғы 20 желтоқсандағы  №1377 Қаулысымен   бекітілген   «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету» жөніндегі   2014-2020 жылдарға  арналған  «Балапан» бағдарламасына сәйкес   «2014 жылы инклюзивтік білім берумен қамтылған мектепке дейінгі жастағы балалардың үлесін  7%-ға жеткізу» бойынша Шымкент қаласы білім бөлімі  және Шымкент қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесімен мектепке дейінгі мекемелердегі мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық зерттеу жүргізілді.

Қазіргі таңда, Шымкент қаласының 80 мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерінде 24377 бала, 170 жекеменшік балабақшаларда 19294 бала және 45 жалпы орта мектептер жанындағы шағын орталықтарында 2706 бала қамтылған.

Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде 46377 бала қамтылған. Ал, «Балапан» бағдарламасы бойынша  45020 бала қамтылып, ол 77,1%-ды   құрап отыр. Міндеттемеге сәйкес қамту пайызы 76,3 болуы қажет.

2014 жылы 7 мемлекеттік, 74 жекеменшік балабақшалар және 13 мектеп жанындағы шағын орталықтар ашылды. Сонымен қатар, 1 балабақша ғимараты  қайтарылды.

Дереккөзі: ОҚО, Шымкент қалалық Білім бөлімі

Қатысты Мақалалар