«Ата-аналардың құқықтық сауаттылығы – балалардың құқықтарын қорғаудың кепілі» атты облыстық семинар – кеңес.

/uploads/thumbnail/20170708192159021_small.jpg

ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Ата-аналардың құқықтық сауаттылығы – балалардың құқықтарын қорғаудың кепілі» атты  тақырыпта семинар – кеңес өткізген.
Семинарға ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы, ОҚО                                                         білім басқармасы, облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы, ОҚО Ішкі саясат басқармасы, Шымкент қалалық Ішкі істер басқармасы, ОҚО Әділет департаменті, ОҚО діни істер департаменті, облыс бойынша аудан, қала ата-аналар комитетінің төрағалары,  Шымкент қаласы мектептерінің ата-аналар комитетінің төрағалары, ҮЕҰ-ң және БАҚ өкілдері қатысты. Жалпы семинарға қатысқандар саны 182.
Семинардың мақсаты – ата-аналар мен балалардың құқықтық мәдениетін көтеру, олардың құқықтарын қорғау және білім саласы мәселелерінен хабардар болуына әсер ету. Сонымен қатар, семинар жұмысының күн тәртібінде балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездіктің алдын алу (білім беру ұйымдарында, отбасында және қоғамда) жөніндегі ата-аналар мен педагогтардың бала құқықтары мен міндеттеріне қатысты мәселелерін талқылау.
Семинар – кеңес барысында ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Жүсіпова Ғ.Ж өз баяндамасын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауынан бастады. Сонымен қатар 2011 жылы 25 тамыз күні Астана қаласында өткен «Отбасы, мектеп, қоғам – игілікті болашақ үшін бірге!» атты І Республикалық педагогикалық форумында ҚР Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұловтың: «Үнемі назарда ұстауды талап ететін мәселе, бұл отбасының бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру. Білім беруге ата-аналардың қатысуы мектеп өміріне белсенді қатысу ғана емес, олардың міндеті – балаларды отбасында дұрыс тәрбиелеу» - деген сөздерін назарға ала отырып, әрі қарай семинардың қатысушыларымен қоғам алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың негізгі себеп-салдарын анықтау, оның алдын-алу және болдырмау жолдарын қарастыру, сонымен қатар білім беру мекемелерінде тәрбие жұмыстарын бір жүйеге келтіру, ата-аналармен байланысты жақсарту мәселелері қозғалды.                                                                             
Шымкент қалалық Ішкі істер басқармасы Еңбекші полиция бөлімінің КТЖБ бастығы, полиция майоры Мықтыбеков Сакен Сәменұлы,  облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы Әнуәрбек Бейсе, ОҚО Ішкі саясат басқармасының психологы Өтелова Нағима Сыдыққызы, 
ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы Әшімова Назира Орынбасарқызы, «Сана сезім» ҚҚ заңгері Еникеева Элина Радиковна, ОҚО діни істер департаментінің маманы Айдарбекова Фатима Сарбайқызы және Шымкент қалалық АХАТ бөлімінің бастығы Ашимова Баян Калхожаевна өз сөздерінде отбасылық құндылықтарды арттыру, облысымыздағы білім беру мекемелерінде бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтарды шешу және оның алдын-алу,  балалардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы істермен шұғылдануына, тәрбие беруде озық тәжірибе мен ізгі қасиеттерді жас ұрпақтың бойына сіңіруіне, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасына, өмірге деген көзқарасына және соған сай мінез-құлқын қалыптастыруына  ата-ананың жауапкершілігін арттыру мәселелеріне кеңінен тоқталып өтті.
Семинар-кеңестің жұмысын ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Ғ.Жүсіпова қорытындылады. Департамент тарапынан ата-аналарға құқықтық  кеңес берілетін буклеттер таратылды.
Семинар соңында ұсынымдар қабылданып, білім беру ұйымдарына жолданды.


 Дереккөзі: ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 

Қатысты Мақалалар