Оңтүстік-Қазақстан облысы туылу деңгейі жоғары, тұрғындар тығыз орналасқан аймаққа жатады. Соңғы бес жылда (2005 -2009жж.) тұрғындар 235,9 мың адамға немесе 21,5% артқан және 2429,5 мың адамды құраған. Тұрғындар санының жыл сайынғы өсімі орта шамамен 2,0% құрайды.
Жалпы саннан қалалық тұрғындардың саны 37,9% (912 мың адам), ауылдық – 62,5% (1517,5 мың адам).
Қалалық жерлерде тұрғындардың 1000 адамына 30,2 туылу, ауылдық жерде – 29,9 туылу келеді.
2009 жылы 20,9 мың неке қию және 2,6 мың ажырасу тіркелген (2005 жылмен салыстырғанда тиісінше 22,4% және 29,0% өсімі байқалады).
Денсаулық сақтау.
Демографиялық жағдайдың оң өзгерістеріне қарамастан ана мен нәресте өлімнің көрсеткіштері әлі де тұрақтанбай тұр.
Ана өлімінің көрсеткіші 2005-2007 жылдар аралығында 100 мың тірі туылған нәрестелерге шаққанда 36,1-дан 56,1-ге дейін өсіп отыр. Қазақстан Республикасында ана мен бала өлімін азайту жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған салалық Бағдарламасын жүзеге асыру ана өлімінің көрсеткітерін 100 мың туылған нәрестелерге шаққанда 37,1-ге дейін төмендеуге жағдай жасады.
Нәресте өлімінің көрсеткіші: 2005 жылы 1000 тірі туылған нәресетелерге шаққанда 15,9-дан 2009 жылы 20,9-ға дейін өсуге ықпал жасады. 2008 жылы рсепублика көлемінде Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының тірі және өлі туу критерийлерін енгізуіне байланысты, бұл көрсеткіштер 25,5-ке дейін, ауылды жерлерде 1,5 есеге дейін өсті.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, еңбек жасындағы тұрғындардың шығыны көп жағдайда қан айналымы жүйесінің органдары, қант диабеті сияқты жұқпалы емес аурулардан себебінен болуда. Осыған қарамастан, Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының өмір сүру деңгейі 2005 жылдағы 67,36-дан 2009 жылда 69,49-ға жетті, алайда, туберкулез, қатерлі ісік аурулары әлі де жоғары көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік бермей отыр.