«Бейбіт жиындар өткізу туралы» Заң жобасы қоғамда кеңінен талқыланды

/image/2020/05/14/crop-6_5_507x900_19_main.jpg

Соңғы жылдары елімізде заң жобаларды талқылауға қатысу үрдісі белсенді сипатқа ие болуда. Қазір қоғам тарапынан заңнама сапасына да, мазмұнына да қызығушылық жыл сайын артып келе жатыр.

Кезінде БАҚ, дін саласындағы заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген де қоғам тарапынан қызу талқылау болды, яғни бүгінде заң жоба халық сүзгісінен өтпей қабылданбайды деген сөз. Бұл қоғам үшін де, мемлекет үшін де жақсы үрдіс, себебі, азаматтардың тарапынан саяси белсенділік артып, қоғамдық бақылау күшейе түсіп, демократиялық процедуралардың кең тарауын қамтамасыз етеді.

Мысалы, Финляндия мемлекетінде «OpenMinistry» краудсорсингтік платформасында Парламентте талқылауға түскен заң жобаларына дауыс беру процедурасы бекітілген, яғни халық заң жобаны талқылауға қатысады. 

Бүгінде еліміздің әр аймағында «Бейбіт жиындар өткізу туралы» Заң жобасы қызу талқылануда. Қабылданатын Заң демократиялық серпілістің айқын көрінісі деп таныған жөн. Қазақстандағы митингілер туралы заң 1995 жылы қабылданған болатын, сол себепті бүгінде саяси процестің қарқындылығы мен белсенділігін ескере отырып, Мемлекет басшысының бастамасымен бірқатар заңдар қайта қаралуда. Заң жоба аймақтарда да, онлайн сарапшылар форумдарында да, халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен де елшіліктер тарапынан да талқылаудан өтті, яғни талқылау, пікіралмасу деңгейі жоғары болды.

Бұл заңнама Мәжілісте талқыланып, енді кезекте Сенатта қарастырылуда. Сенаттың бастамасымен заң жобаға бірқатар түзетулерді енгізу ұсынып отыр.

Біріншіден, ең алдымен, бейбіт жиналыстарға ұйымдастырушының қатысушылардың өз бет-әлпетін жасырмауын, оның ішінде адамды тануға кедергі келтіретін киім заттарын және (немесе) өзге де құралдарды пайдаланбауын талап ету міндетін толық алып тастау ұсынылады. Бұл шын мәнінде, едәуір либеральды норма болып есептеледі, себебі, бұндай заң нормасы Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде орын алған, мысалы, Австрия, Испания, Германия, Швеция, Данияда бар.

Екіншіден, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында пикеттер, жиналыстар, митингілер үшін арнайы орындар саны қаланың әрбір ауданының немесе қаланың орталық бөліктерінде кемінде үш бөлікті құрауы тиіс деп белгіленсін.

Бұл азаматтардың бейбіт жиналыстар өткізуге конституциялық құқығын қамтамасыз етуге және мемлекеттік органдар естуге мүмкіндік береді. Мысалға, Астанада арнайы орындар саны 12 – ден кем емес, Алматыда – 24 – тен кем емес, Шымкентте – 12-ден кем емес, Қарағандыда-6-дан кем емес деп ұсынылуда.

Үшіншіден, Сенат тарапынан ұйымдастырушылар мен қатысушылардың денсаулықты қорғауға бағытталған жеке қорғану құралдарын пайдалану құқығы /мысалы, медициналық маскалар/ сияқты норманы енгізу қарастырылған.

Жалпы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан заң жобаны талқылауға қатысты жұмыс күнделікті жалғасуда, бірнеше талқылаудан өтуде, бұл қалыпты жағдай, заң жобаның жетілуіне, сапалы қабылдануына мүмкіндік береді. Заң жобаны талқылауда бейбіт жиналыстарды өткізуге қатысты халықаралық тәжірибе, халықаралық сарапшылардың, қазақстандықтардың және үкіметтік емес ұйымдардың пікірлері ескерілді.

Жолдыбалина А.С.

Қазақстан Республикасының

Президенті жанындағы

Қазақстан стратегиялық

зерттеулер институтының

бөлім басшысы

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар