"Президент ұсынған даму стратегиясын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуіміз керек"

/image/2020/05/14/crop-30_7_515x687_200514102823644e.jpg

Президент ұсынған даму стратегиясын заңнамалық тұрғыда сапалы әрі уақытылы қамтамасыз етуіміз керек. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.

– Өздеріңізге белгілі, осы аптада елімізде төтенше жағдай режимі аяқталды. Соған байланысты мемлекет басшысы дағдарыстан кейінгі дамудың басым бағыттарын анықтап берді. Жалпы, елімізде індетпен күрес жұмыстары жүйелі жүргізілді. Президентіміздің тапсырмасы мен дер кезінде қажетті шешімдер қабылданып, нақты шаралар жүзеге асырылды. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өз міндеттерін тиісті деңгейде орындады. Соның арқасында елімізде вирустың жаппай таралуына жол берілмеді. Азаматтардың қабылданған шектеулерге түсіністікпен қарауы да президент шешімдерінің нәтижелі болуына оң әсерін тигізді. Қазір жағдай айтарлықтай тұрақтанды. Дегенмен, дерттен әлі де болса толық арылған жоқпыз. Сондықтан бірқатар шектеулер қала береді. Соған орай сақтық шараларын ұстануымыз керек, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат спикері коронавирус індеті көптеген салаға айтарлықтай зардабын тигізгенін, соған байланысты елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен дағдарысқа қарсы шаралар жүзеге асырылып жатқандығын баса айтты. халыққа және бизнеске айтарлықтай қолдау көрсетіліп жатқанын еске салды.

– Президент бұл бағыттағы жұмыстарын ары қарай жалғастыра беретіндігін айтты. Әсіресе азаматтардың денсаулығын сақтауға, олардың табысын арттыруға, бизнесті қолдауға, білім және ғылым жүйесін жетілдіруге баса мән берілді. Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия болып қайта құрылып, кешенді жоспар дайындалады. Сенат осының бәрін ескеріп, өз жұмысын тиімді ұйымдастыруы тиіс. Біз елбасы саясатының сабақтастығын сақтай отырып, президент ұсынған даму стратегиясын заңнамалық тұрғыда сапалы әрі уақытылы қамтамасыз етуіміз керек. Мемлекет басшысы 4 мамырда Сенатта сөйлеген сөзінде палатаның ең басты міндеті - сапалы заңдар қабылдау екенін атап өтті. Осы бағытта бірлесіп нәтижелі жұмы істейміз деп сенемін, – деді сенат төрағасы.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар