Бас прокуратура мемқазынаға 6 млрд шығынын қайтарған

/uploads/thumbnail/20170708192209627_small.jpg

ҚР Бас прокуратурасы  қазақстандық прокурорлардың тегеурінді жүргізген жұмыстарының арқасында 6 айдың ішінде 500-ге жуық қылмыстық іс анықталып, нәтижесінде  мемлекет қазынасына 6 млрд теңгенің қайтарылғанын мәлімдеген. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.

«Мемлекетке келтірілген шығынның қайтарымы ретінде 126 млн теңге айыппұл мен 6 млрд теңгеге жуық шығын қайтарылған»,-дейді Бас прокуратураның ресми сайтында.

Аталмыш категориялар бойынша бірінші инстанциялы соттар 313 өтінімді қарастырып, ел бюджетіне 5,2 млрд теңге қайтарылса, прокурорлардың арнайы өтінімі бойынша 244 шағым қанағаттандырылып, 3,8 млрд теңге қазынаға түскен.

«Прокуратура қызметкерлері жүргізген сараптама қорытындысы бойынша, 2015 жылдың алғашқы тоқсанында қаузалған сот қарауына 527 адамның үстінен келтірілген 446 шағым келіп түскен. Олардың мемлекетке келтірген шығын көлемі 11,4 млрд теңгені құрап отыр»,-дейді Бас прокуратура.

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар