Күні кеше ғана Алматы жұртын есеңгіретіп тастағаны лай-тасқыны есімізден әлі ұмытыла қойған жоқ-ты. Ол кезде дамбыдан өрлей аққан тасқын қала көшелерін қиратып кеткен болатын. Ал дәл сол кезде Алматының шеткері аймағы- Талғар ауданында су бөгені апатты жағдайда деген дабыл қағылып, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары басталып кеткені туралы осыған дейін «Қамшы» порталы жазған болатын.
5 тамыз күні кешкі сағат 20:05 шамасында Талғарда тағы да дабыл қағылған. Алматы облысы Талғар ауданында 20 гектардан астам жайылым алқабынан өрт шыққан. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз-қызметінің хабарлауынша өрттен ауыр зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге барлығы 12 бірлік техника мен Алматы қаласы және Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінен 58 адам, еріктілер топбынан 65 тұрғын жұмылдырылған.
Алдын-ала болжамдар бойынша өрт күннің қатты жылынуынан болған. Ал синоптиктер болса алдағы апта бойы Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде аптап сақталады дейді.
Нұрзат Тоғжан