Ескі үйден 97 адамның сүйегі табылған

/uploads/thumbnail/20170708192208626_small.jpg

Қытайдың солтүстік шығысында көне қонысты қазу кезінде археологтар шамамен 5 мың жыл бұрын тұрғызылған үйден  100-ге жуық  адамның қаңқасын тапқан. Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Болжамдар бойынша, 5 мың жыл бұрын тұрғызылған аумағы 20 метр болатын шағын үйден 19 бен 35 жас аралығындағы 97 адамның сүйектері шықты. Ғалымдар үйден балалардың да қаңқасын тапты, деп жазды  informing.ru.

Бұл адамдарды үйге қаза тапқаннан кейін немесе өлім алдында орналастырып, өртеген деген болжам бар. Бұған үйдің күйген бөліктері айғақ. Ғалымдарды мыңдаған жыл бұрын мұнда не болғаны толғандырып отыр. Ауыл тұрғындары белгісіз індет салдарынан жаппай көз жұмған деген пікір бар. Сондықтан оларды жерлемей, өртеген. Бұған дейін  осы қоныстың маңындағы Миаозигоу жерінде де бір топ адамның қабірі табылған болатын.  Бұл  жоғарыда аталған тұжырымды растайды.

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар