Омбылықтар Ш.Уәлихановтың 180 жылдығын тойлады (Фото)

/uploads/thumbnail/20170708192207709_small.jpg

Жақында Ресейдің Омбы губерниясында тұратын этникалық қазақтар мен қала тұрғындары Омбы қаласының 299-шы туған күні мен Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығын тойлады. 

Ғалымның атына берілген көшеде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, «Этно-жаз» шығармашылық жобасы, «Достық жағалауы» ұлттық мәдени мерекесі мен

Ш. Уәлихановтың 180 жылдығына арнап «Ұлы даланың соңғы ханзадасы» экскурсиясы өткізілді. Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

 «Омбы қазақтары» қауымдастығының өкілі Торғын Әшенованың айтуынша, «Достық жағалауы» шарасына 40-қа жуық ұлттық-мәдени ұйымының өкілдері қатысқан. Қатысушылар қала тұрғындары мен қонақтарын Омбыда өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің салт- дәстүрімен, мәдениетімен таныстырған.

Мерекеге орай ақшаңқай қазақтың киіз үйі тігіліп, ол жерде қазақтың ұлттық тағамдары таныстырылған

Киіз үйде Омбы облысының ұлт өкілдерінің ұлттық-мәдени ұйымдары, «Шоқан жолы» аймақтық қоғамдық ұйымы, «Омбы қазақтары»  қауымдастығының өкілдері қала мэрі Вячеслав Двораковский мен Қазақстаннан аталмыш шараға арнайы келген қонақтарды қарсы алған.

 «Мен бұл жерде Омбының нағыз достарын көріп отырмын. Біздің қаламыздың есігі қашанда сіздерге ашық. Біз сіздермен ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға ниеттіміз», - деген қала мэрі В. Двораковский алаңға жиналған жұртты қала күнімен құттықтап келген қонақтарға алғысын білдірген.

Мерекелік шаралар Қазақстан Республикасының Консулдығының қасында «Ұлы даланың перзенттері» әдеби-музыкалық кешімен жалғасты.

Нұрзат Тоғжан

Суреттер: ҚазАқпарат

Қатысты Мақалалар