2015-2016 Білім гранттарының тізімін күткендердің назарына

/uploads/thumbnail/20170708192215782_small.jpg

2015-2016 жыл білім гранттары тізімі бүгін белгілі болады. ҚР Білім және ғылым министрлігі 2015-2016 оқу жылына 32 мыңнан астам грант бөлетіні туралы қазақстандық БАҚ бірнеше мәрте жазған болатын. Көптен тағатсыздана күткен сәт те жақындады. Ата-аналар мен талапкерлер үшін 2015-2016 жылдардағы білім гранттарының тізімі бірнеше минуттардан соң белгілі болады деп жазады "Егемен Қазақстан" газетінің сайты.  Мұндай игі жаңалықты qamshy.kz порталы да өз оқырмандарына кешіктірмей ұсынатын болады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015-2016 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына 32 788 орын қарастырылған, оның ішінде 500 орын сырттай оқу бөліміне қарастырылып отыр.

Қатысты Мақалалар