12 қазақстандық турист Түркияда қаза болған

/uploads/thumbnail/20170708192216329_small.jpg

Жыл басынан бері Түркияға демалуға барған 12 қазақстандық Анталияда қаза болған. Бұл туралы Астанада өткен брифингте  СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Естеріңізде болса, Түркиядағы апатқа ұшыраған автобуста 7 қазақстандықтың болғаны туралы БАҚ жазған болатын. Белгілі болғандай, жол көлік апатынан қаза тапқан екі адамның бірі 19 жасар қазақстандық қыз болып шыққан.

СІМ өкілі Әбибуллаевтың айтуынша, жол апаты орын алған   аталмыш тас жол Түркиядағы қауіпті жолдардың бірі болып саналады екен.

«Біраз уақыт бұрын осы күре жолда («Памуккале-Анталия» – агенттік) жол-көлік оқиғасынан   біздің азамат Константин Иванов қаза болған еді, бұл тас жол туристер үшін қауіпті саналады. Біздің консулдық қызметкерлері барлық қажетті көмекті көрсету үшін үнемі белсенді  түрде жұмыс істейді», – деді ол.

СІМ мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері Анталияда Қазақстанның 12 азаматы: үшеуі жол апатынан, 9-ы денсаулығы нашарлау салдарынан қаза болған.

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар