2015-2016 жылғы білім гранттарының тізімі: 1 орынға 32 үміткерден таласқан

/uploads/thumbnail/20170708192216761_small.jpg

2015-2016 оқу жылын аяқтаған түлектер мен ата-аналар үшін тағатсыздана күткен «Мемлекеттік білім гранттарының» толық тізімі 11 тамыз күні жарияланатын болады деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым министрлігі. Ал «Қамшы» порталы өз оқырмандарына мұндай игі жаңалықты алғашқылардың бірі болып ұсынатынын хабарлайды.

Айта кетейік, биылғы жылғы талапкерлердің арасындағы үлкен конкурс «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша жүргізілген. Аталмыш мамандық бойынша 1 орынға 32 үміткер таласқан. Денсаулық сақтау саласы мамандығы бойынша 1 орынға 18 адам үміткер болса, қаржы саласы, экономика салаларына 15 адамнан таласқан. Сондай-ақ, биылғы талапкерлердің ең көп таңдаған мамандықтарының қатарына құқықтану, құқық саласы да кірген. Бұл мамандық бойынша бір орынға 14 адамнан келген.

Естеріңізде болса, 2015-2016 жылғы талапкерлер үшін мемлекеттік білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурс комиссиясы өз жұмысын 5 тамыз күні бастап кеткен. Ал ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мырза биылғы жылы ЖОО берілетін гранттар мөлшерін жариялаған еді.

Министр мырзаның сөздеріне сүйенсек, биылғы жылы талапкерлерге  32 168 білім гранты бөлінеді. Биылғы жылғы ҰБТ нәтижесі жоғарғы көрсеткішке жеткенін ескере келе министрліктегілер конкурсқа 67 377 адам қатысатынын айтқан.  32 мың гранттың 12,5 мыңы техникалық мамандықтарға тиесілі болса,  6 мыңға жуығы педагогикалық мамандықтар үлесіне тиесілі. Ал 3 мыңға жуық білім гранты ауылшаруашылық мамандықтарға табысталатын болады.

Ал биылғы жылғы білім гранттары иегерлерінің толық тізімін «Қамшы» порталы өз оқырмандарына 11 тамыз күні ұсынатын болады.

Нұрзат Тоғжан

«Қамшы»  сілтейді

 

Қатысты Мақалалар