Теміртау қаласына жаңа әкім тағайындалды

/uploads/thumbnail/20170708192217362_small.jpg

Теміртаулықтар тамыздың алғашқы аптасын қалаға жаңа әкімді тағайындаумен түйіндеді.  Осылайша Қарағанды облысының аппаратында жаңа кадрлық тағайындаулар болды. ҚР Президент әкімшілігінің келісімі және Қарағанды облыстық мәслихат депутаттарының мақұлдауымен Теміртау қаласына Ғалым Әшімов мырза әкім  болып тағайындалды. Ал жап-жаңа әкімді қала активіне облыс басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков таныстырған. Бұл туралы «Qamshy.kz» сайты egemen.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлады.

Ғалым Әшімов 1968 жылы туған. 2000 жылы Байқоңыров атындағы Жезқазған мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірді. Әр жылдарда Қарағанды облысындағы Жәйрем ауылы мен Қаражал қаласының әкімі болып қызмет атқарды. Сондай-ақ, облыс әкімінің аппараты мен облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасын басқарды. Теміртау қаласының басшысы болып тағайындалғанға дейін облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары болып еңбек етті. Ал бүгінге дейін Теміртауды бес жыл басқарып келген Нұркен Сұлтанов облыс әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Нұрзат Тоғжан

«Қамшы» сілтейді

 

Қатысты Мақалалар