Кеше Алматыдан 10 шақырым қашықтықта күші 4-баллдық жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазТАГ-қа сілтеме жасай отырып.
“Сейсмикалық стнациялар желісі 7 тамызда Алматы уақыты бойынша сағат 16:21-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан батысқа қарай 10 шақырым қашықтықта орналсақан”, – делінген хабарламада.
Қазақстандық сейсмологтар анықтағандай, 4 баллдық жер сілікінісі 5 км тереңдікте болған.
Зілзаладан жаппа шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.