Швейцариялық Альпі тауы маңынан 1970 жылы жоғалған екі альпинистің мүрдесі табылды, деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық порталы BBC News-ке сілтеме жасай отырып.
Сүйектер 2,8 шақырым (9,2 мың фут) биіктіктен табылды. ДНК-тестін жасағаннан кейін, Женевадағы жапон консулдығы бұлар Мичио Оикаве мен Масаюки Кобаясидің мүрделері екенін мәлімдеді.

Мәйіттерді тасымалдауға қатысқан мамандар оларды жапон альпинистері қаза тапқан маңнан алыстау жерден тапқанын атап өтті. Олардың қаза болуына тау мұзының толассыз еруі себеп болған.