Қытайдың оңтүстігінде Гуаньдун провинциясындағы ауылдардың бірінде үйдің кіреберісі астынан жақсы сақталған динозавр сүйегі мен қоса 213 жұмыртқа табылды. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы inform.kz - ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Диназавр сүйегі шілденің аяғында табылған. Көпке дейін хабарланбаған себебі тұрғындар өздері қазба жұмыстарымен айналысқан болуы керек.
Полиция құнды жәдігерлердің бұдан көбірек болғанын жоққа шығармайды, оларды тұрғындар өзара бөліске салған сияқты.

Динозаврдың ұзындығы екі метрге жететін болған. Ол бор дәуірінде, 65 млн жыл бұрын тіршілік еткен, шөпқоректі.
Гүлден Әбдібақыт
«Қамшы» сілтейді