Президент А.Мырзахметовты «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары етіп тағайындады

/uploads/thumbnail/20170708192220333_small.jpg

ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарабев «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары етіп  Асқар Мырзахметовты тағайындады. Бұл туралы «Қамшы» порталы  хабарлайды.

Ал Ақорданың ресми сайтында Асқар Исабекұлының президен жарлығымен ОҚО әкімі қызметінен босатылғаны туралы жазылған.

Асқар Мырзахметов 1962 жылы туған. Ауылшаруашылық және экономикалық жоғарғы білімді саясаткер. Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты.

1991 жылы аспирантура тәмамдаған Асқар Мырзахметов еңбек жолын Бүкілкеңестік ауылшаруашылық академиясының кіші ғылыми қызметкерінен бастаған.

1997-2006 жж. ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі болып қызмет еткен. Вице-премьер-министр, ауылшаруашылық министрі т.б. лауазымды қызметтерді атқарған.

2006 жылдан бастап Қазақстанның Өзбекстандағы өкілетті және төтенше елшісі қызметіне тағайындалған.

2009 жылдан бері қарай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып келген.

Ал  осы уақытқа дейін «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары қызметін Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек мырза атқарып келген.

 Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар