Түркияда Күрдтер полиция бөлімшесін жарып жіберген

/uploads/thumbnail/20170708192240145_small.jpg

Тамыздың 9-нан 10-на қараған түні Түркияның Стамбұл қаласындағы полиция басқармаларының бірінде жарылыс болып, үш жандарм мен тағы жеті бейбіт тұрғын ауыр жарақат алған. Бұл туралы «Қамшы» порталы ТАСС-қа сілтеме жасайды.

Түркиялық «Haberturk» телеарнасы келтірген деректер бойынша, қылмыскерлер шабуыл жасау үшін мина қойылған көлікті пайдаланған. Стамбұлдың Султанбейли ауданында 01:01-де орын алған жойқын жарылыс салдарынан полицей учаскесінің  үш қабатты ғимаратының бір бөлігі қираған, артынша ғимарат толықтай өртке оранған. Жалын жақын тұрған дүкенді де шарпып, жарылыс толқынынан  жақын жерде тұрған 15 автокөлік өртенген.

Қазіргі таңда жарылыстан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген.

Түркиялық телеарналар хабарлағандай қазір полиция қылмыскерлерді іздестіруде. Алдын ала болжамдарға сүйенсек, шабуылдың артында Күрдстан жұмыс тобының (КЖТ) содырлары тұруы мүмкін.

Түркия әрекетіне тыйым салған ҚЖТ жауап ретінде шілдеде қарулы күресті жандандыратынын хабарлаған. Түрік құқық қорғау органдары тарапынан бітімді бұзатынын мәлімдеген. Содан бері, түріктің ӘӘК Ирактың солтүстігіндегі КЖТ лагерлеріне соққы жасай бастаған сәттен бастап, партия содырлары күн сайын шабуылдауға көшті. 20 шілдеден бастап құқық қорғау органдары мен КЖТ мүшелері арасында орын алған қақтығыстан Түрік қарулы күштерінің 20-дан астам әскери қызметшісі қаза тапты.

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар