Өткен аптада ауруханаға жатқызылғандар мен жедел жәрдем шақырушылардың саны 2 есе артқан. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров Нұр-Сұлтанда өткен брифингте қалада коронавирус індетіне байланыс жағдайдың ауыр екенін айтты.
– Алматыда коронавирусқа байланысты жағдай ауыр. Бірақ оны бақылауда ұстауға болады. Алматыда медициналық көмек көрсету бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Яғни стационарларда және емхана деңгейінде қажет көмек көрсетіліп жатыр. Біз ауру бойынша үнемі талдау жүргізіп отырмыз. Ауруды көбінесе 20-29 жас аралығындағы адамдар жұқтырып жатыр. Олардың үлесі – 35 пайыз. Ал 60 жастан асқандар ауруды 4 есе сирек жұқтырады. Олардың үлесі шамамен 9 пайыз, – деді Камалжан Надыров.
Алматы қаласы бойынша короновирус жұқтырғандар саны – 3530. Жазылып шыққандар саны – 2178. Қайтыс болғандар – 23 адам.
Пікір қалдыру