Сонымен қатар, өңірлерде көмек көрсетуге арналған 100 жылжымалы медициналық кешенді жеткізу жоспарланған. Бұл медициналық кешендер жиынтығы рентген жабдықтарынан, УДЗ, ЭКГ, гинекологиялық қарау кабинеттерінен, талдау алу пункттерінен тұрады. Жақын арада кешендер сатып алынып, ауылдарға жеткізіледі.
COVID-19 індетін жұқтыру мен одан көз жұму жағдайлары тұрақтала бастады. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
Бүгінде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тәуліктік өсімі 4-тен 2,1%-ға дейін төмендеді. Жедел жәрдем шақырту жағдайлары 23%-ға азайды, ал кейбір қалаларда бұл көрсеткіш екі есеге төмендеді.
– «COVID-19-дан жазылғандар санының 60%-дан астамға артуы динамиканың тұрақталғанының белгісі және дәрігерлермен, өңірлердегі әріптестерімізбен сөйлескенде, олардың біртіндеп әдеттегі режимде жұмыс істей бастағандарын байқадық. Шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. Әрине, денсаулық сақтау жүйесін бір сәтте өзгерту мүмкін емес, дегенмен оң өзгерістер бар, жұмыстар жүйелендірілді, қолжетімділік артты, мобильдік бригадалар саны ұлғайтылды. Екі апта бұрын бұл мобильдік бригадалар болмаған, ал бүгін айтарлықтай өсімді көріп отырмыз, – деді министр.
Қазіргі кезде 3 мыңға жуық мобильдік бригада құрылды. Жалпы төсек-орын қоры 50 мыңға дейін артты. Медициналық ұйымдарда провизорлық төсек-орындар жүктемесі 20%-ға және реанимациялық төсек-орындар 6%-ға азайды. Ауруханаларда 1958 ӨЖЖ аппараты бар, қосымша 4183 аппарат сатып алынады. Олардың үштен бірі отандық өнім.
– Алдағы 2 айда аталған қондырғы Қазақстанда жасалады және медициналық ұйымдарға жеткізіледі. Сонымен қатар, қазіргі кезде штаттық режимде жеткізілімдер жүзеге асырылып отыр. Жақын арада барлық медициналық ұйымдарды өкпені жасанды желдету аппараттарымен толықтай жабдықталады. Сондай-ақ мемлекет пен азаматтардың көмегімен 21 880 төсек-орын оттегімен, оның ішінде 17 762-і оттегі концентраторларымен қамтамасыз етіледі, – деді А. Цой.
Пікір қалдыру