Жапониядан келген хат

/uploads/thumbnail/20170708192657592_small.jpg

«Қамшы» сайтына қазақтың сексеннен астам ән мен күйін Жапонияда насихаттап жүрген өнерпаз туралы мақала жарияланған еді. Журналист Шарафат Жылқыбаеваның Әміре Қашаубаев атындағы байқаудың жеңімпазы Такахаши Наокимен жүргізген сұхбат- мақалалары қазақ ақпарат құралдарында бұған дейін де жарияланған болатын. Жапон азаматы бізге Күншығыс елінен жапон және қазақ тілдерінде жазылған  хат жолдапты. Қазақ тілінде хат жазған жапон әншісінің Қазақстанның мемлекеттік тілін қаншалықты меңгергенін байқауға болады:

Ассалаумағалейкум!

Шарафат ханым, хатыңыз бен

жариялымдарға көп рахмет!

Хабарыңызды алып мен өте куаныштымын.

Редакцияға жапон елінен үлкен сәлем жолдаймын. Сіздерге көп–көп рахмет! Мен Жапонияда қазақ әндерінен концерт қойып жүрмін. Қазақ әндері мен күйлері менің халқым үшін өте сирек қазына тәрізді. Жапон көрермендер қазақ өнерін үлкен ризашылықпен тамашалауда. Мен Жапонияда домбырада әндер мен күйлерді орындап, қазақ елін таныстыра беремін. Сіздердің жариялымдарды жапондарға көрсетудемін. Елдеріміз арасындағы шығармашылық байланысты биіктетеміз деп ойлаймын. Қазақ халқына жалынды сәлем!

Шарафат ханым, анаңыздың қонақжайлығы үшін де рақметімді айтамын.

Сәлеммен, Такахаши Наоки

さて、日本語で失礼します。

わざわざ送ってもらって、どうもありがとう。

自分の記事を見るのは、ちょっと気恥ずかしいですね。

この夏、日本でも演奏会を開きました。 カザフの音楽は、まだまだ日本にとって珍しいものなので、たい

へん好評でした。

たぶん、早くても来年になるだろうけど、またカザフス

タンに行きますよ。

チョコレートはお母さんからの贈り物ですね、どうかお

礼を伝えてください。

これからまた寒くなるけど、風邪をひかないようご自愛ください。 

それではまた

高橋直己。

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар