«Соңғы аптада Қазақстанда орын алған теңге девальвациясы әдеттегідей кезекті экономикалық қателіктердің және бейрационалды шешімдердің бірі болды»,-дейді экс-премьер-министр Әкежан Қажыгелдин мырза.
Нарықтық экономикадағы демократиялылық – халықтың өмір сүру көрсеткішіне есептегенде Үкімет пен Ұлттық банктың қабілетсіздігін көрсететін басты индикатор екенін көрсетеді.
«Қазақстанда белгілі бір кезеңнен бастап негізгі көрсеткішті – жалпы ішкі өнімнің және ұлттық вальютаның айырбас курсымен өлшенетін болды. ЖІӨ өсімінің жергілікті вальютаға шағып, нәтижесінде пайда болатын баға өсімін шикізат нарығында есептеп, қарапайым тұрғындарға экономикалық стратегия деп көрсетіліп келген»,-дейді Әкежан Қажыгелдин ҚазТАГ-қа берген сұхбатында.
Оның пікірінше, ұлттық вальютаның өзгеріссіз бағамы экономикалық тұрақтылықты көрсететінін, оны қандай жолдармен ұстап тұрғандығын Үкімет түрлі жолдармен жасырып келген. «Президент Назарбаевқа да уайымдайтын ешбір себеп жоқ деген жалған уәделерді жаудырумен болды. Президентті осыған сендірді. Президент те халыққа жолдауларында Үкіметтің жалған статистикасын қайталаумен болды. Алайда, Президенттің маңайындағы арнайы мамандар Ұлттық банк пен Үкіметтің қателіктері үшін жауап беретін күннің туатынын, экономикалық курсты бұлай ұстап тұра алмайтынын ескерткен-ді. Солай болды да»,-дейді Ә.Қажыгелдин.
Экс-премьердің ойынша, қазіргі таңда қаржылық қиындықтан шығудың екі жолы ғана бар. Біріншісі – белсенді түрде жаңа реформа жасау арқылы дамудың жаңа бағыттарын айқындау. Бұл орайда Президент Назарбаевтың тығырықтан шығатын шешімдерді қабылдай алатынын бәріміз білеміз. Ұзақ жылдар бойы билік тізгінін ұстап отырған Елбасы дамудық демократиялық, әділ шешімін таба білетініне ешбіріміздің күмәніміз болмаса керек-ті. Әрине, Президент мырза да қазіргі дағдарысты 2000-жылдардың басында жоспарланған реформалар және модернизациялар үшін сөрелік меже етіп қарастыру керектігін біліп отырса керек. Бәлкім, оның министрлері уәде еткендей Қазақстанды мұнайға тәуелді экономикадан арылту және шикізаттық экономиканы диверсификациялайтын уақыт жеткен болар.
Экс-премьер айтқан екінші сценарий – экономикалық саясатта ешбір өзгеріс жасамай, баяғыдай теңге бағамының өсуіне үмітпен қарап отыра беру. Дәлірек айтсақ, теңге бағамының өсуін күту.
«Алғашқы сценарий бізде бұрын да бір мәрте жасалған. Бұл өз кезегінде Қазақстан экономикасын аяғына тік тұрғызды деп айтуымызға әбден болады. Сол үшін тәжірбиемізге сүйене отырып, нақты шешімдерді қабылдайтын уақыт жетті. Әйтпегенде, Қазақстан да Аргентинаның күйін кешіп қалуы бек мүмкін. Мысалы, Аргентина кезінде әлемдегі экономикалық әлеуеті қуатты 10 мемлекеттің қатарына кірген. Енді міне, 40 жылдан астам уақыт өтсе де дағдарыстың шеңгелінен шыға алмай келеді»,-дейді Әкежан Қажыгелдин мырза.
Қажыгелдиннің пікірінше, бірінші кезекте Ұлттық банк төрағасын қызметінен босату қажет. «Егер Келімбетов өзінің қызметінде қала беретін болса, оның мәлімдемелеріне ешкім сенбейтін болады. Қарапайым халық та, шетелдік экономистер мен саясаткерлер де ендігі жерде Келімбетовке сенуден қалған. Қазақстан тарихында ол өзінің не істеп жүргенін білмейтін экономист ретінде қалатыны да сөзсіз. Сонымен қатар, саналы түрде халықты алдап соқты»,-дейді Қажыгелдин.
Иә, Ұлттық банк төрағасы елдегі бас банкир саналатындықтан оның қызметтік карьерасы да кіршіксіз болуы керек еді. «Сондықтан да мен Президент Назарбаевқа Ұлттық банк тізгінін Ораз Жандосовқа тапсыруға кеңес берер едім. Жедел арада Жандосовқа команда жасақтауға және жаңа экономикалық саясатты жүйелі түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беру керек»,-дейді Ә.Қажыгелдин.
Қажыгелдиннің пікірінше, Жандосовты аталмыш қызметке тағайындау арқылы халықаралық қаржы институттарының сенімін қайтаруға және шетелдік инвесторлардың жұмыстарына сенімділік әкелуге, сонымен қатар, халықтың Ұлттық банкке деген көзқарасын түзеуге жол ашары сөзсіз. Сондай-ақ, бұл үшін кемінде 3-5 жыл уақыт кететінін де айтқан.
«Қазақстан Үкіметі 2008-2009 жылдардағы дағдарысты толығымен еңсердік деп мәлімдегенде асығыстық жасағаны бүгінде әшкереленіп отыр ғой. Негізінде сол кездегі дағдарыстың тетіктері қалған еді. Дағдарыс жаңа келген жоқ, жалғасып жатыр. Қазір енді жағдай ушығып кеткен»,-дейді экс-премьер мырза.
Жә, мұнай экспортынан түсетін көлкөсір пайда мен шикізат нарығынан келетін пайдаға масаттанып қалған үкіметіміздің жағдайдың бұдан әрі де осылай жалғаса беруіне сенгені түсінікті. Ендігі жерде Президент мырза өзін де халықты да алдап келген Үкіметке қандай шара қолданады екен деген сауал көкірегімізде қалатыны сөзсіз. Президент Назарбаев Үкімет пен Ұлттық банк басшыларын отставкаға жібермесе – халықтың наразылығын туғылып алмай ма?
Нұргелді Әбдіғаниұлы
«Қамшы» сілтейді