Қырғызстандағы қақтығыс: Митингте қайтыс болған бала жерленді (фото)

/image/2020/10/08/crop-9_8_524x968_1049952423.jpg

Қырғызстанның астанасы Бішкекте болған митинг кезінде қайтыс болған азаматтың денесі Баткен облысында жер қойнына тапсырылды, деп хабарлады Sputnik Kyrgyzstan агенттігі.

Үмүтбек Алтынбек уулу 2001 жылы Лейлек ауданының Кара-Булак ауылында дүниеге келген. 9 жылдық мектепті аяқтаған соң, Оқуын Бішкек қаласында жалғастырған. Бішкектегі орта кәсіптік училищені бітірген, тігін мамандығы бойынша жұмыс істеп жатқан.

Қырғызстан 08.10.2020

Еске салсақ, 5 қазан күні Бішкек қаласында парламет сайлауының нәтижесіне наразы болған топ митинг өткізген. Кейінірек жиналғандар "Ақ Үйді" басып алуға әрекет жасап, артынша тәртіп сақтау қызметкерлерімен қақтығысыы алған. Соның салдарынан 686 адам жарақаттанған.

Қырғызстан 08.10.2020

Олардың арасында 19 жастағы Үмүтбек Алтынбек уулу да болған. Ол граната жарылған кезде аяғынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Бірақ дәрігерлер жігіттің өмірін сақтап қала алмады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар