Атамбаевқа оқ атқандардың кім екені белгілі болды

/image/2020/10/10/crop-106_27_2100x3734_fea48598-3d3a-4020-a581-e3790bfc6b25.jpeg

Қырғызстанның бұрынғы президені Алмазбек Атамбаевтың автокөлігіне оның күзетшілері оқ атқан. Бұл туралы бүгін елдің парламент депутаттары бекіткен премьер-министр Садыр Жапаров баспасөз мәслихатта мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл әрекет Жапаровтың жақтастарын қаралау үшін жоспарланған.

– Мұның бәрі сценарий бойынша ұйымдастырылған, – деді Садыр Жапаров.

Еске салсақ, кеше Бішкектегі Ала-Тоо алаңында белгісіз біреу Атамбаевқа тапаншадан оқ атқан болатын. 

Оқи отырыңыз: Алмазбек Атамбаевтың ұсталғаны хабарланды

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар