Тәуелсіздік мерекесі. Ел не дейді? Өзге ұлт өкілдерінің ішінде "түкіргендері" бар...

/uploads/thumbnail/20170708151056848_small.jpg
sjvkPgPhyO0    Аня Шевченко: - Біріншіден, мен тәуелсіздік мерекесін неміс тілінен болатын экзаменде атап өтемін. ҚазҰУ-дың филология факультетінде оқимын, қазір Ресейде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алып жатырмын. Екіншіден, 16 күнгі мерекені міндетті түрде атап өту керек деп ойлаймын.
 
x_73d0c28a Роман Кашкули - Шындығын айтқанда, мереке мен үшін емес, сондықтан  оған түкіргенім бар. Сізге дәл осылай деп жауап беріп тұрған бірінші адам емес шығармын.
 
Евгений Козлов: - Мен қазіргі уақытта Қазақстанда емеспін, бұрындары бұл мерекені атап өтпеппін.
 
 Людмила, 30 жаста:  - Бұл күн мереке деп мойындалған екен, оны барлығы да тойлайды. Ал мен барлық мерекелерге жақпын.
 
Жанна, 21 жаста: - Қазақстанның Тәуелсіздігі күні мен жұмыста боламын, сондықтан оның маған ешқандай маңызы жоқ.
 
Олег, 20 жаста: - Қандай жағдай болмасын, Тәуелсіздік күнін атап өту керек. Не дегенмен де, бұл Қазақстанның мерекесі, өз басым тойлаймын.
 
 Марина, 24 жаста:  - Мереке екендігін білмедік, алайда, демалыс береді екен. Сол үшін қуаныштымыз.
 
Вера, 27 жаста: - Мереке екендігін білмедік, алайда, демалыс береді екен. Сол үшін қуаныштымыз.
 
 Марина, 24 жаста: - Бұл мерекені біз ризашылықпен қарсы алу керекпіз. Мен өзім жақында ғана Мәскеуден келдім. ТМД елдерінің әр түрлі өкілдерімен әңгімелес болдым. Құдайға шүкір, тағы бір рет, біз Украина немесе Тәжікістанмен салыстырғанда, Қазақстанда жақсы тұрып жатқанымызға көзім жетті.

Аманкелді Ақынов:

- Тәуелсіздік күнін негізі Жаңа жылдан артық тойлауымыз қажет. Бірақ мұны әлі халық қабылдамай жатыр.

Ғабит Кәдірбаев:

- Аза тұту керек, еске алу керек боздақтарды, тәуелсіздік күнін 25-қазанда тойлау керек.

Фираст Со:

- Мерекеде үйде боламын. Ешқайда бармайтын шығармын. Менің ойымша, бұл қазалы күн.

Алмас Көкжал:

-16 күні мен үшін, әрине, мереке. Тәуелсіздік жолында қан төгулер болады, оңай келмейді. Мен қазақпын, бірақ, қазақ азаматы емеспін. Тәуелсіздік мерекесі деп айтайын десем, әлі тәуелсіз  саналмаймыз. Қазақстанға келіп, орысша білмегенім үшін жұмысқа кіре алмай, орысша курсқа баруыма тура келді.

Серік Әбікен:

-16-желтоқсан Жаңаөзен оқиғасынан бергіде аза күні.

Али Биторе:

Шыны керек, осы күнге дейін Тәуелсіздік күнін атап, немесе тойлап өткен жоқпын. Бірақ, жылда болмаса да Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып келемін. Бұйырса бұл жылы да гүл шоқтарын қойып келуді ниет етіп отырмын. Негізінде 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні емес, Тәуелсіздік күні 25 қазан. Ал, 16 желтоқсан "желтоқсан құрбандарын" еске алу, аза күні. Тәуелсіздікті атап, тойлап өтудің қажеті жоқ. Тәуелсіз Қазақстан, "егеменді елміз" деген тіркестерді мүлде қолданудың қажеті жоқ. Тәуелсіз Франция, Тәуелсіз Германия мемлекеті дегенді естіп пе едіңіз?! Жоқ. Жалпы әлемде 3-ақ тәуелсіз мемлекет бар, олар: АҚШ, Ресей федерациясы және Қытай. Басқа мемлекеттердің бәрі тәуелді. Тәуелсіздік күнін атап өтудің қажеті жоқ меніңше!

Есхат Божан:

- Сұрағыңызға Н. Манделаның сөзімен жауап берейін: "Тәуелсіздік үшін тәуелсіз аспанды сатып алудың қажеті жоқ. Тәуелсіздік жүректе". Мен 16-сын қуана қарсы аламын, аға буындар бізге өз азасымен мереке күн қалдырды.

Бахытжан Нүрпеисов:

- Ол күні мен жұмыста боламын, бірақ, аза күнін мереке деп қарсы алу қиын сияқты.

Алияш, 42 жаста:

- Мерекені үйде, отбасыммен қарсы аламын. Бұл күн менің жадымда желтоқсандық оқиғамен қалды. Оған менің сол кезде студент болып жүрген туған-туыстарым қатынасты. Әрине, олардың барлығы да дін аман. Олар үнемі Тәуелсіздіктің қанмен келгенін айтып отырады.

Сауалнаманы дайындаған Замира Пулатова

   

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар