Каспийдің қойнауындағы байлықты бағалау мүмкін емес. Дәл осындай пікірді әзірбайжандық сарапшы, эколог Фарида Гусейнова (www.echo.az) сайтына жариялаған.
Оның айтуынша, осы уақытқа дейін ешбір мемлекеттің сарапшылары мен мамандары Каспийдің қойнауындағы ресурстарды зерттеген емес.
Сарапшының пікірінше, бірінші кезекте қазіргі таңдағы ашылған кен және мұнай бұрғылау орындарының потенциалын анықтап алу керек. Ал Каспийдің биологиялық ресурстарына келер болсақ, Фарида ханымның пікірінше оның құнын анықтау мүлде мүмкін емес. Себебі, Каспий арқылы шектесіп жатқан мемлекеттерде баға әр түрлі бағалануы мүмкін. Барлық биологиялық ресурстардың әлеуетін ақшалай есептеуге болмайды.
Сондай-ақ, әзірбайжандық Корреспондент.net-тің жазуынша, осыншама ауқымды ресурсына қарамастан әлемдің картадағы үлкен теңізі – соңғы жылдары қатты жүдеген. Қазіргі таңда теңіздің химиялық жағдайы әлемдік сарапшыларды алаңдатып отыр. Бүкіләлемдік жабайы табиғатты қорғау қоры (WWF) Каспийдің билогиялық ресурсын 24,2 триллион долларға бағалап отыр.
Аталмыш қордың ақпаратында көрсетілгендей, Каспийдің ішкі ресурстарының бағасы деп көрсетілген бұл сома нақты емес. Себебі, бұл жерде теңіздің көптеген ресурсын ақшалай эквивалентке ауыстыра алмаған.
Мысалы, Каспий теңізі арқылы жылына 2,5 триллион доллардың тауары тасымалданады.
Егер бұл цифрды ЖІӨ көрсеткіші етіп қарастыратын болсақ, Каспий теңізі – АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Франция және Ұлыбританиядан кейінгі жетінші экономикалық держава саналады.
Алайда, Каспий теңізінің қазіргі жағдайы әлем экологтарының алаңдаушылығын туғызып отыр. Себептері: теңіз суының ластануы, судың температурасын күрт жылынуы, теңіз суының тұщылығының артуы, ондағы жануарлар әлемінің қырылуы және т.б.
Аталмыш ұйымның ақпаратына сүйенсек, теңіз суының температурасының күрт жылынуының ақыры 2050 жылға қарай сирек кездесетін, ерекше қорғауға алынған коралл рифтерінің түбегейлі жойылуына алып келуі мүмкін. Қазіргі таңда теңіздің балықтар ресурсының 61 пайызы эксплуатацияланған немесе 29 пайызы ауланып біткен. «Бұның барлығына Каспий теңізіндегі мұнай сору және бұрғылау жұмыстары кері әсерін тигізеп отырғаны сөзсіз», -дейді Фарида Гусейнова.
Каспий теңізінің қазіргі экологиялық жағдайы туралы осыған дейін де әлемдік БАҚ аз жазбаған.
Мысалы, мемлекеттің географиялық картадағы орны оның саяси позициясын анықтайтыны белгілі. Біздің жағдайымызда Қазақстанның географиялық территориясына Каспийдің мемлекеттегі демократиялық қадамдардың дамуына да ықпал етуі мүмкін.
Шын мәнінде Каспий жағалауы геосаяси тұрғыдан алғанда аймақ ретінде Еуропа мен Азияның тоғысындағы ауқымды аумақты білдіреді. Тіпті, Түркия 1997 жылы өзін каспийлік мемлекет екендігін жариялаған болатын. Олай болса, Каспий теңізінің байлығы мен стратегиялық маңыздылығы бірқатар елдердің өзара қарым-қатынастарына тікелей әсер ететіні де сөзсіз.
Яғни, мүдделі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың заманауи үлгіге сай болуын қалыптастыру үшін ең алдымен халықаралық құқық қағидаларына байланысты аймақтың құқықтық мәртебесін нақтылап алған дұрыс еді. Ал оның экологиялық проблемаларына онымен шектесетін барлық мүдделі мемлекеттер араласуы тиіс еді. Тек бұл мәселенің аса маңыздылығына барлық қатысушы тараптар түсіністікпен қарағанымен, оның шешімін іздеуде қаншама ыждағаттылық танытқандарымен әлі күнге дейін нақтылы бір байламға келе алмауда.
Каспий теңізіндегі Қазақстанның мемлекеттік шекарасы Каспиймен шектесетін барлық мемлекеттердің шекаралары арасындағы ең ұзыны, ол 1700 шақырымнан артық. 2004 жылы қазақстандық тарап Каспий теңізіндегі қару-жараққа бақылау жасаудың бесжақты тетігін құру, қару-жарақтың тұрақты тепе-теңдігін орнату және оларды шектеу межесін белгілеу бастамасын көтерді. Мұндай шаралар шиеленістердің алдын алудың және мемлекеттеріміздің бейбіт ынтымақтастығын дамытудың анағұрлым сенімді құралдардың бірі.
Нұргелді Әбдіғаниұлы