Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин денсаулық сақтау министрлігі мен бірқатар өңір басшыларына тапсырма берді.
– Бүгінде коронавирустың "қызыл" аймағына 5 өңір кіреді. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы және Атырау, Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстарына тағы да бір облыс Солтүстік Қазақстан өңірі қосылды. Жалпы республика бойынша вирустың репродуктивтік көрсеткіші 1,1-ді құрайды. Инфекциялық төсек орындардың жүктемесі – 32%, реанимациялық төсек орындар – 23%. Бүгінгі таңдағы ең маңызды міндет – халықты жаппай вакциналауды ұйымдастыру. QazCovid-in отандық вакцинасы клиникалық сынақтардың III кезеңінен өтуде (алдын ала тиімділігі – 96%). "Спутник V" вакцинасының сапасын аттестаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. GMP стандарты бар вакциналар шығаратын биофармзауыт салынып жатыр, – деді ол.
Үкімет басшысы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, өңірлердегі жағдайды тұрақтандыру үшін шұғыл шара қабылдау қажеттігін атап өтті.
– Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, 1 ақпаннан бастап медициналық ұйымдардың халықты "Спутник V-мен" жаппай вакциналауды бастауға дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Сонымен бірге медицина қызметкерлерін оқыту қажет. 1 апта мерзімде егу пункттерінің әзірлігін және тұрақты қамтамасыз ету мәселелерін шешуді тапсырамын. Екінші, өңірлердің әкімдеріне эпидемиологиялық жағдай нашарлайтын болса, шектеу шараларын қабылдасын, – деп сөзін түйіндеді А. Мамин.
Пікір қалдыру