Қашықтан оқыту технологиясы білім беру саласында жетекші рөл атқарып келеді

/image/2021/01/22/crop-8_36_945x1679_istock_000086272033_medium.jpg

Елбасына күн туған осынау қиын қыстау кезеңде білім беру ошақтары білім беру жүйесін ары қарай жүргізу барысында қашықтан оқыту технологиясын қолдану үстінде. Қазіргі таңда елімізде қашықтан оқыту технологиясы заман талабына сай қарқынды дамуда.

Қашықтан оқыту жүйесін Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті 16 наурыздан бастап жүйелі түрде қолданып келеді. Университеттің ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті осы аталған оқу құрлымымен шетелдік тыңдаушыларды және төтенше жағдай салдарынан елдеріне қайтқан бірқатар диаспора тыңдаушыларын «Универ» (univer.kaznu.kz) және «MOODLE» (dl.kaznu.kz) сынды ақпараттық-білім беру жүйесіндегі қашықтан білім беру технологияларын оқыту барысында ZOOM, Teams, DL және басқа да қосалқы цифрлық сервистерді пайдалану арқылы тыңдаушыларға қашықтан білім беріп, біліктіліктерін шыңдауда. ZOOM, Teams, DL технологиялары білім беру жүйесінде үздік технологиялық жетістіктердің бір ретінде жетекші рөл атқарып келеді.

Қашықтан білім беру жүйесінің басты мақсаттарының бірі – білім беру саласында жұмыс атқарып келе жатқан бір қатар мектептер мен колледждер, университеттер үшін білім беруді тоқтатпай, оқушылар мен студенттерге оқу бағдарламасы бойынша оқуларын ары қарай оқуына жағдай жасау. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Қашықтан оқыту, оқытушы мен студенттің, мұғалім мен оқушының территориялық алшақтығына қарамастан сапалы білім алуына септігін тигізеді. Сонымен қатар студенттердің техника құралдарын меңгеру және қажеттеріне қарай ақпараттық технологияларды қолдану қабілеттіліктерін қалыптастыруына тигізетін әсері көп.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ж.Б.Саткенова
Б.Е.Савденбеков
ЖОО-дейінгі білім беру факультеті
ЖОО-дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушылары

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар