Қазақстанның тағы бір облысында карантин күшейтілді

/image/2021/04/30/crop-118_8_712x949_b200c0346a6ec3d2.jpeg

Қарағанды облысының бас санитар дәрігері Ю. Л. Залыгин карантин туралы №2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Қаулыға сәйкес: 

  • 300 оқушыға дейінгі контингенті бар, сыныптағы балалар санын 25 адамнан асырмай қалалық және ауылдық мектептерде оқушылар дәстүрлі форматта оқытылады.
  • білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 10 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат. Бұл ретте Қарағанды, Теміртау, Саран, Балқаш, Шахтинск, Произерск, Жазқазған, Сәтпаев қалаларында және Абай, Нұра, Осакаров аудандарында әлеуметтік қашықтық, шахматтық тәртіппен отырғызу және маска режимі сақталып, топтарда балалар саны 5 адамнан аспауға тиіс;
  • бітіруші сыныптар аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытылады (9, 11 (12) сыныптар): пәндердің 70 пайызы штаттық режимде, 30 пайызы қашықтан оқытылады (сыныпта бала саны 15-тен аспау);
  • Қарағанды, Теміртау, Саран, Балқаш, Шахтинск, Произерск, Жазқазған, Сәтпаев қалаларында және Абай, Нұра, Осакаров аудандарында мектепалды сыныптың оқушылары 1-5 сыныптарды қоса алғанда, жалпы білім беретін мектептерде 1-7 сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептер қашықтан оқыту форматына көшеді.

Аталған қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар