Елордамыз Астанада «Қазақ хандығың 550 жылдығына» арналған мерей той басталды. Тойдың болғанынан, боладысы қызық дегендей көптен күткен ұлы тойда басталып үлкен жиындар, конференциялар өтуде. Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтіп отырған соң Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібектен бастап, соңғы ханымыз Кенесарыға дейін бәріне не құрмет көрсетсек те артық болмас еді. Алайда, көрсеткен құрметімізді «Қазақ елі» фильмі төңірегіндегі әңгімелер мен Астанадғы Керей мен Жәнібек көшесінен-ақ білуге болар.
Билікке «Қазақ хандығының 550 жылдғын» тойлау идеясы көршіміз һәм одақтасымыз Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің біздің мемлекеттілігімізге күмән келтірген сөздерінен кейін туып еді. Хандықтың 550 жылдығын тойлау арқылы тарихымыздың кеше ғана пайда болмағанын дәлелеп өлгенімізді тірілтіп, өшкенімізді жаңғыртпақ болған едік. Негізінде хандықтың тойы бәз біреулердің «Қазақта мемлекет болмаған»,- деген сандырақтарына жауап қана болып қалмауы керек еді. «Қазақ хандығының 550 жылдыған» атап өту - шешімі табылмай келе жатқан мәселерді шешудің орайы еді. Бірақ, біз сол орайларымызды ұтымды пайдалана алмадық. Нақтырақ айтсақ, ұтымды пайлану туралы бізден ұсыныстар болды, бірақ біздің билік халықты тыңдаудан қалғанын тағы бір мәрте көрсетті.
Осы жылдың «Қазақ хандығының 550 жылдығын» атап өтетін жыл болып белгіленісімен «Қамшы» порталында «Петропавл мен Павлодар Керей мен Жәнібек аталсын» деген ұсынысымызды ортаға тастаған едік. Бұл ұсыныс бүкіл интернет қолданушыларының қолдауына ие болып, осы күнге дейін талқыланып келеді, бірақ арада 10 ай өтсе де ресми билік өкілдерінің біреуі де бұл ұсынысымыз төңірегінде жұмған ауыздарын ашпады. Бұл ұсыныс төңірегінде кері пікірдегілер де болып, қала атына кісі есімі берілмейді деп жатты. Бірақ біздің елде ғана емес, кісі атымен аталған қала, облыстар әлемнің қай жерінде де болсын кездеседі. Оған мысал, Вашингтон штаты мен қаласы. Енді біреулер Керей мен Жәнібек Қазақ хандығын Қазақстанның Солтүстігінде емес, Оңтүстігінде құрған, облыстар мен қалалардың Қызылжар мен Кереку деген өз аттары бар деп жатты. Бұл ұсынысымыз да облыс атауларын Керей мен Жәнібек деп, облыс орталықтарын өзінің тарихи аты Қызылжар мен Кереку деп аталсын дедік. Яғни, Солтүстік Қазақстан облыс деген атаудың орынына -Керей хан облысы деп, Петропавлдың орынына- Қызылжар деген өз атын қоюды, Павлодар облысы деген атудың орынына- Жәнібек хан облысы деп, орталығын- Кереку деп өзгертуді жазған болатынбыз. Тәуелсіздігімізге 24 жыл болса да Петр Мен Павелдің атынан құтыла алмағандықтан, қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту барысында орайды ұтымды пайдаланып, өз хандарымызға орыстың патшасын «қуып шығартсақ» дегенбіз. Осыз да Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановқа Қызылжарда Петр мен Павелге ескерткіш ашуға көмек беруін сұрап, "Пkz Северо Казахстанская обласная» газетінде «Лад», «Союз казаков», «Русская община» деген ұйымдар қол қойған ашық хат жазылған болатын. Біз Керей мен Жәнібеткен «қызғанып» жүргенде олар өз патшаларының ескерткішін қоймақ екен. Керей мен Жәнібек Қазақ хандығын Оңтүстікте құрды деген сөзге келсек, Қазақ хандығы бар қазаққа, бар Қазақ жеріне ортақ, олар тұтас Қазақтың ханы болды. Сондықтан, олардың қазақ хандығын қай жерде құрғаны маңызды емес, Қазақ елінің қай жері болсын оларға тәуелді. Біз олардың атына Қазақ елінің қай жерін беруден болса да тарлық етпеуіміз керек, өйткені, бізге осы даланы сыйлаған солар, тіпті Оңтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан облыстары деп жүрмей-ақ, 14 облысымыздың атауына да Қазақ хандығының өркендуіне үлес қосқан 14 ханға 14 облысты беріп, қала атауларын қазіргі атымен атасақ та артық болмас еді.
Қазақ хандығын тойлау- тек тарихи күндерді санамалаудан аспай қалмауы тиіс! Айтылған екі облыстан тыс, әлі де елімізде отарлық қамытын киген қалалар мен көшелер жетіп артылады. Ал қазақ хандарының Абылай ханнан басқа ешбірінің көше атына да ие бола алмай жүргенін бұрын да жазғанбыз. Ендеше, Қазақ хандығының 550 жылдығын пайлалана отырып, отаршылардың атындағы көшелер мен қалаларды хандарымыздың атына ауыстырып алуымыз керек. Билік той тойлауды біткен соң «Қазақ хандығының 550 жылдығының» қортындысында хандарға сый жасауы тиіс.
Тұрдыбек Құрметхан