Бала күтімі жәрдемақысы: Үш жасқа дейін төлеу мүмкіндігі бар ма?

/uploads/thumbnail/20250624202915364_big.webp

Елімізде бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы мерзімі ұзаруы ықтимал. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.

– Декреттік демалыстағы аналарға жәрдемақыны 1,5 жылдан ұзақ уақыт төлеуге бола ма деген сауал жиі қойылады. Мен, тіпті, 3 жылға дейін төлеуге қарсы емеспін. Ақша болса, әрине, төлейміз. Бірақ басты сұрақ – қаражатты қайдан табамыз? – деді вице-премьер.

Сондай-ақ Қырымбек Көшербаев жәрдемақы көлемінің қысқартылатыны жөніндегі қауесеттерді жоққа шығарды. Оның айтуынша, мұндай шешім қабылданған емес және мұндай ақпаратты естіген жоқ.

– Жәрдемақы көлемін арттыру үшін барлық бағдарламаларға ревизия жүргізіліп, тиімсіздері оңтайландырылуы керек. Қазір осы бағытта нақты жұмыстар басталды, – деді Үкімет өкілі.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар