Біздің билік халықтың шыдамын тексеріп жүр ме ?

/uploads/thumbnail/20170708194246590_small.jpg

Қазір әлеуметтік желілерді айтпаған күннің өзінде, дастархан үстінде болсын, такси ішінде болсын , базарда болсын, кеңседе болсын екі қазақтың басы қосылса, билікке деген реніштері мен ашу ызасын білдіріп жатады. Жөн- ақ, қарапайым қазаққа қорған болудан бас тартқан билігін кім жақтай қояды  дейсіз. Қорған болудан бас тартты дегеніміз теңге бағамын еркіне қойып, бүкіл бағаны қымбаттатып, барлығын өз бетіне жіберіп, үкіметтің жауапкершіліктен қашқаны емес пе? Тек біздің қазақтың бойына біткен шыдамдылық пен қараның ханға қарсы шықпаған тектілігін сақтағандықтан ғана еліміздің тыныштық орнап тұр. Тек шикізатқа ғана сүйенген еліміз үшін теңгенің құлдырап бір доллар 300 теңге жетуі биліктің халықты күн көріс көзінен айырғаны болып табылады. Бізден басқа халық   бұл жағадайға шыдап тұрмас еді. Тек біз ғана шыдаудамыз. Сонда үкімет біздің шыдамымызбен неге алысып әуре. Бұның барлығы үкіметтегі біреулердің қазаққа жасап отырған қастандығы мен арантатушылығы деп түсінуге болады. Сондықтан, халықты билікке қарсы шығыуға итермелеп отырған бірден бір нәрсе- үкімет. Ал үкіметке Үкімет басшысы жауап беруі керек. Меніңше, қазақты билігіне өшіктіріп отырған премьер министр Кәрім Мәсімов қызметінен кетуі тиіс. Қазаққа қазақты арандатушы министр керек емес.

Тұрдыбек Құрметхан

Қатысты Мақалалар