Атыс қаруын жасап шыққан әйгілі конструктор Михаил Калашников дүниеден өтті

/uploads/thumbnail/20170708151116700_small.jpg

"95 жастағы Михаил Калашников  созылмалы ұзақ аурудан қаза болды. 17 қараша күні Удмуртии клиникалық-диагностикалық орталығының реанимация бөліміне түскен Калашниковтың бұл жерде емдік шаралар қабылдап жатқандығы хабарланған болатын" дейді РИА Новости ақпаратық қызметінің тілшілері.  

Удмуртии орталығының президенті Александр Волков, қайғылы хабарды жеткізе отырып, марқұмның отбасына көңіл айтты. Ресейдің ең бір жарқын, талантты тұлғасының өмірден озғанына өкініш білдірді.

Әзірше қарттың нақты қандай себептен қаза тапқандығы айқындалған жоқ. Дәрігерлер Калашниковтың отбасымен бірге өлікті сойып тексеру жөнінде кеңес құруда.

 

Биылғы жылы Михаила Калашников бірнеше ауыр ұстамалы ауруды бастан өткерген. Жазда дәрігерлер оған «өкпе күре жол майда қан тамырларының тромбоэмболиясы" деген диагноз қойған болатын.

Калашников Михаил Тимофеевич 1919 жылы 10 қаршада Ресейдің Алтай өңірі Курья селосында көпбалалы кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Ол әлемге әйгілі "Қалашников" автоматын құрастырып, жер жаһанға танылған. Сонымен қатар, жаппай өндіріске түскен танктің моторлы құрылғысын жасап шығарды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар