Тәуелсіздік Күні қарсаңындағы көтеріңкі көңіл-күйді Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратынан жеткен жылы хабар үдете түсті. Танымал этнограф, коллекционер, ҚР мәдениет қайраткері, ел арасында дәстүр жаршысы атанып үлгерген Баһаргүл Төлегенқызының «Ерен еңбегі үшін» медалімен мараппаталатындығы туралы хабар айтулы оқиға болғаны рас.