"Жағдай күрделі". Мамин 4 өңірде карантин шараларын күшейтуді тапсырды

/image/2021/07/14/crop-51_117_394x526_621986.1562919341.b.jpg

Премьер-министр Асқар Мамин елде коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысын өткізді.

ВАК ел бойынша сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің 55%-ын құрайтын Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында, Қарағанды және Атырау облыстарында карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдады.

Оған сай:

  • "Ashyq"-қа қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және микроавтобус тасымалдары уақытша тоқтатылады. Жабық жағажайлар мен аквапарктардың, аттракциондардың қызметі тоқтатылады.
  • Демалыс күндері "Аshyq"-қа қатысатынына қарамастан, қоғамдық көліктің, СОСО-ның, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, спорт объектілерінің (спорт кешендерінің, спорт мектептерінің, спорт клубтарының, жаттығу залдарының), қоғамдық тамақтану объектілерінің, фудкорттардың (тамақ жеткізумен жұмыс істеуге рұқсат етіледі), фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру нысандарының, сауналардың, моншалардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, цирктердің, алаңы 1000 м² асатын азық-түлік емес тауарларды сататын объектілердің, ашық және жабық базарлардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтың, караокенің, түнгі клубтардың, білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының, балалардың ойын-сауық орталықтарының, банктердің, ХҚКО-лардың, Қазпошта бөлімшелерінің, діни нысандардың жұмысына тыйым салынады.
  • Жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін балалар ойын-сауық орталықтарының (ойын алаңдары, жабық ғимараттардағы аттракциондар), СОСО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, ашық және жабық базарлардың қызметі шектеледі.
  • Жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін ("Ashyq" қатысушылары – сағат 20:00-ге дейін) қоғамдық тамақтану объектілерінің, фудкорттардың, фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтарының, спорт объектілерінің, бассейндердің, кинотеатрлардың қызметі шектеледі.
  • Вакцина салдырған және соңғы 3 ай ішінде коронавирустан жазылып шыққан адамдарды қоспағанда, барлық ұйымдардың 80% қызметкері үшін қашықтан жұмыс істеу форматы енгізіледі.

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне, әсіресе Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар