– Өз атымнан және мәжіліс депутаттарының атынан ТМД парламентаралық ассамблеясы кеңесі бас хатшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы парламентінің өкілетті өкілі Асхат Жарылқасынұлы Нұсқабайдың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтамыз.
Дипломатиялық қызметте мол тәжірибесі бар Асхат Жарылқасынұлы Қазақстан мен Қырғызстанның, Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қатынастарын нығайтуға зор үлес қосты. Қазақстан Республикасы парламентінің өкілетті өкілі - ТМД ПАА кеңесі бас хатшысының орынбасары лауазымында ТМД елдері арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың дамуына ықпал етті.
Еліміздің патриот азаматы Асхат Жарылқасынұлы туралы жарқын естеліктер жақындарының жүрегінде мәңгі сақталады – деді, Нұрлан Нығматулин.
Асхат Жарылқасынұлы Нұсқабай 1997 жылдан бері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі саласында жұмыс істеген.
2017 жылғы қазанда ТМД парламентаралық ассамблеясы кеңесі бас хатшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы парламентінің өкілетті өкілі болып тағайындалған.
Пікір қалдыру