Украиндер неліктен Қырымды қазақтарға бергісі келеді?

/uploads/thumbnail/20170708194832660_small.jpg

Әзірге Украинаның заңды территориясына тиесілі Қырым түбегіне таласып отырған Ресей Федерациясы екені белгілі. Ал, Украинаның аралды РФ-ға бергісі жоқ. Оның да байқап отырмыз. Ал, Қазақстан бұл жерде бейтарап позицияны ұстанып отырғанын жақсы білеміз. Жақында украиналық «Деловая столица» басылымы Қырмға Қазақстанның да таласатын жөні бар деген мағынадағы материал жариялаған. Онда «Қырымға таласуға бірден бір құқылы мемлекет болса, ол – түріктер де емес, татарлар да емес, тіпті орыстар да емес – қазақтар» деген.  Бұл туралы 365info.kz сайты жазады.

Айта кетейік, жақында Астанада өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы Нүрсұлтан Назарбаев «қазіргі Қазақстан Алтын орданың, Түрік қағанаты мен Дешті Қыпшақтың заңды мұрагері» деп айтқан болатын.

Бұқаралық ақпарат құралдрында жарық көрген «Назарбаев напомнил Путину, чем была Москва во времена Золотой Орды» атты мақалада Мемлекет басшысы, «Қазіргі Қазақстан кешегі Сақтарды, Ғұндардың, Үйсіндердің және Алтын орданың, Түрік қағанаты мен Дешті Қыпшақтың заңды мұрагері» дегенді шегелеп айтқан болатын.

Ал, украиналық журналистер Алексей Кафтан мен Сергей Ильченко Қазақстан Президентінің бұл сөздерін былайша бажайлатқан көрінеді.

«576 жылы Түрік қағанаты Византиядан солтүстік Кавказды және Қырымды тартып алған болатын. Демек, Қырым Мәскеуге тиесілі емес екендігін аңғару қиын емес, мұнда. Ал Дешті Қыпшаққа келетін болсақ, ол әуелде басқаша аталған және қазіргі Ресейдің басым бөлігі, Украина, Молдова мен Румыния территориялары толықтай Дунайға дейінгі жерлер оның құрамына кірген. Бұл жерде тағы бір мәселе бар. Дешті Қыпшақ негізінен екеу еді. Әуелі – Шығыс Дешті Қыпшақ. Оның территориясы Алтайдан Каспийге дейін созылған. Сосын – Батыс Дешті Қыпшақ. Каспийден Дунайға дейінге жерлер. Ал Нұрсұлтан Әбішұлы нақты қай Дешті Қыпшақты айтқаны беймәлім. Десе де, екеуінің де негізі бір емес пе?»,-дейді мақала авторлары.

Ең қызығы, Қазақстан Президентінің Алтын орданы еске түсіруінің астарында үлкен саясат жатқаны анық. «Қазақстан Президенті Алтын орданы меңзеуі арқылы – орта ғасырдағы мемлекеттік мұрагерлігін еске түсіру ғана емес. Мәскеуге көрсеткен сесі болса керек-ті. Өйткені, тарихтан белгілі Алтын орданың кезінде Мәскеу – құлдық позицияда болған. Ал  Қазақстан Президентінің тарихты еске түсіруі – Мәскеуге тіс қайрауы болуы әбден мүмкін»,-делінген мақалада.

Шынымен де, Қазақ хандығы Алтын орданың заңды мұрагері болған. Бұл ретте Астанамен өзге мемлекеттердің таласуға хақысы да жоқ. Тіпті, кеңестік империя тұсында жазылған тарихи энциклопедияның өзінде «Түрік қағанаты 552-745 жылдары Орта Азиядағы түркі тайпаларынан құралған мемлекет. 555 жылы  Орталық Азияның барлық халқы, қидандар мен батыс Мәнчжүрилер, енесей қырғыздары аталмыш мемлекеттің қоластында болған. 576 жылы түріктер Босфорды басып алған. Көп жылғы жорықтардың нәтижесінде қағанат Ұлы Жібек жолының негізгі бөлігін иемденген. Бұл түріктерге керуен саудасынан пайда табуға жол ашқан» деп жазылған.

Ал мақала соңында, украиналық басылым, «тарихи деректерді және Президент Назарбаевтың Алтын орданың мұрагері рөлін ескере келетін болсақ,  Қазақстан үш бірдей империяның мұрагері ретінде қазіргі Қырым үшін таласу құқығына ие бірден бір мемлекет болып шыға келмей ме?» деп түйіндейді.

Түйін: Айта кетейік, жақында РФ Президенті Владимир Путин өзін Алтын орданың мұрагерімін деп есептейтінін ашық мәлімдеген болатын. Оның алдында Қазақтарда мемлекет болмаған деп түренді тыңнан салған Владимир Владимирович енді Алтын ордаға ауыз сала бастағаны қай басынғандығы, деп қайран қалыстық. Десе де Белоруссия мен Қырғызстан президенттері өз кезегінде Алтын орданың заңды мұрагері – Қазақстан екенін ашық жеткізген. Ал, Путин мырза мұнымен келіспеймін, өліспей беріспеймін деп отыр. Өшпенділік приціптеріне дейін жеткен Украина «Қырымды Ресей алғанша, сендер алыңдар» деп  отыр. Неге  бас таруымыз керек? Біздің де Қырымнан үлесіміз бар емес пе?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар