Ауыр жұмыс істейтін жұмысшылар енді 55 жастан зейнетке шыға алады. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Еңбек Кодексі жобасын талқылау барысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың сөзіне сүйене отырып хабарлайды.
«Қазақстанда зейнетақы туралы заң 2010 жылы алғаш рет қабылданған. Ал, 2014 жылы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соған сәйкес, бұрын еңбек азаматтары еңбекақы есебінен 10 пайыз ғана жарна төлеп отыратын. Ендігі кезекте ауыр жұмыс істейтін азаматтарға жұмыс берушілер қосымша тағы 5 пайыз төлейтін болады. Демек, биылдан бастап ауыр жұмыс істейтін жұмысшыларға 15 пайыз жарна төленіп, олар 55 жасында зейнетке шығуға мүмкіндік алатын болады»,-деді Тамара Дүйсенова.
Пікір қалдыру