Жақында Қасиетті Меккеде қаза болған қазақстандық қажының есімі белгілі болды. Ол 78 жастағы қазақстандық әйел М.Мансұрова. Қазақстаннан қажылып парызын өтеуге барған 78 жастағы М.Мансұровамен бірге отбасы мүшелерінен ешкім бірге еріп бармаған. Ал, қажылық кезінде жүрегі қысылған Мансұрова Меккедегі ауруханалардың бірінде көз жұмған. Бұл туралы «Қамшы» порталы nur.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Осы оқиғадан кейін Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы қажылыққа бару туралы ережеге өзгертулер енгізілетінін мәлімдеді. Келесі жылдан бастап қажылыққа баратын қариялардың қасына бір туысқаны еріп баруы міндеттелетін болады.
Айта кетейік, Мина жазығындағы оқиғадан қаза тапқандардың арасында қазақстандық қажылар жоқ. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлаған болатын.
Пікір қалдыру