Алматы облысында жол апаты салдарынан 47 жастағы адам және 9 айлық нәресте көз жұмды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Қайғылы оқиға 16 желтоқсан сағат 14:00 шамасында Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылының маңында болған. 26 жастағы Chevrolet Cruze автокөлігін тізгіндеген жүргізуші Алматы қаласынан жолашыларды алып келе жатып Алматы-Бішкек автожолымен жүріп келе жатқан 59 жастағы ВАЗ-21063 автокөлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Алматы қаласының 21 және 30 жастағы тұрғыны жарақат алса, 47 жастағы тұрғын оқиға орнында көз жұмса, 9 айлық нәресте алған жарақатынан ауруханада 2 сағаттан кейін қайтыс болды.
Қазір ВАЗ-21063 автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы және Сарыбастау ауылының 59 жастағы тұрғыны түрлі жарақаттармен ауруханада жатыр.
Аталған факт Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (екі адамның өліміне әкеп соққан жол апаты) бойынша тіркелді. Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісі қамауға алынды.
Пікір қалдыру