Көксу қант зауыты өнім қабылдауға дайын

/uploads/thumbnail/20170708195524539_small.jpg

Биыл жетісулық қызылшашылар өнімдерін қайда, қалай өткізу, табан ет маңдай терлерінің өтеуіне қол жеткізу туралы бас қатырмайды. Бұл туралы "Қамшы" порталы Айқынға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Енді біраз уақыттан соң жиын-терімге кірісетіндердің бұйырған өнімін қабылдауға дайындыққа  ерте көктемнен бастап кіріскен Көксу қант зауытындағылар алғашқы 10-12 мың тонна шикізаттың жеткізілуін күтіп, білектерін сыбанып отыр. 

Кәсіпорын директоры Алтынбек Аба­товтың айтуынша, қазіргі кезде мұнда екі жүзден астам адам еңбек ету­де. Қайта өңдеу науқаны бастал­ған­да, жергілікті тұрғындар қата­ры­нан тағы 600 кісі екі қолына бір күрек та­­бады. Соңғы жылдары бірқатар ма­ман­дықтар бойынша тапшылық се­зілген еді, кәсіпорындағы байырғы ма­мандардың көмегімен жастарды оқы­тып-үйретуден өткізгеннен кейін бұл мәселе де оң шешімін тауыпты. Ең­бекақы да уақытында төленеді, әлеу­меттік кепілдіктер де заң тала­бы­на сай орындалады. 
Зауытта бір ауысымда екі мың тон­на тәтті түбірді қайта өңдеуден өт­кізудің мүмкіндігі бар. Жалпы, биыл­ғы күзде 100 мың тонна қант қы­­­зылшасын қайта өңдеуден өткізіп, 12 мың тонна сапалы қант алу жос­парланыпты. Біздің өңірде өсірілген қант қызылшасынан, осы жерде өң­деліп алынған дайын өнімнің сапасы аса жоғары, сұраныс та көп. Сондық­тан көксулық қантты өзімізде ғана емес, Ресей мен Қырғызстанда да асы­ға күтіп отырған ірі тұтынушылар қа­тары баршылық. 
Бірінші болып Сарқан ауда­нын­дағы шаруалар тәтті түбір жинауға кі­ріседі. Қазан айы туысымен, басқа ау­дандағылар да алқапқа шығады. Аман­­дық болып, барлығы жоспарда­ғы­дай жүзеге асса, диқандар өнім­де­рін өткізгеннен кейін үш күннен соң тапсырған шикізатының ақшасын ала алады. Бұл туралы көктемде қы­зыл­шашылар мен қайта өңдеушілер­дің алқалы басқосуында облыс әкімі Амандық Баталов пен қант зауы­ты­ның инвесторы Нұрлан Тілеубаев өза­ра келісімге келген болатын. Бұ­рын­дары үш айда тиесілі ақшаларын әрең алатындар биылғы жаңалық ой­дағыдай жүзеге асса, келер жылдан бас­тап қант қызылшасын өсіретін ал­қаптар ауқымын арттырады деген үміт те үлкен. Бастысы – алдағы күзгі нә­тиже. Зауыт басшылығы да табыс­сыз қалмаймыз деп отыр. Олар үс­ті­міздегі жылдың кірісінің басым бө­лі­гін кәсіпорында одан ары жетілдіруге, жаң­ғыртуға салмақ. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар