Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісі "өте құпия" деген санатта жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Риа ақпарат агенттігі мәлімдеді.
ҰҚК Мәсімов қылмыстық кодекстің үш бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша тергеліп жатқанын хабарлады. Олар:
- мемлекетке опасыздық жасау;
- билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекеттер;
- билікті асыра пайдалану.
Мәсімовпен бірге ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – "А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин тергеліп жатыр.
ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 6 қаңтарда ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы Тергеу сотының шешімімен 2 айға қамауға алынған.
Пікір қалдыру