Вашингтон: Ресей құбырын жауып, БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткіземіз

/image/2022/01/28/crop-9_6_562x731_screen-shot-2022-01-28-at-11.44.58-am.png

Вашингтон "Ресей Украинаға басып кіретін болса, Мәскеуден Батыс Еуропаға тартылған негізгі құбырды тоқтатамыз" деп мәлімдеді.

"Солтүстік ағын 2" құбыры Ресейден Германияға тартылған. Бейсенбі күні Берлиндегі шенеуніктердің айтуынша, егер Ресей шабуыл жасаса, жоба санкцияға ұшырауы мүмкін.

Батыс елдері де Ресей Украинаға шабуыл жасаған жағдайда құбырды нысанаға алатынын айтады.

Ал, Ресей Киевке шабуыл жасауды жоспарлап отырмағанын жеткізеді.

Дегенмен, соңғы апталарда Украина шекарасында ондаған мың ресейлік әскердің жиналуы шиеленісті өршіте түсті.

– Мен анық айтқым келеді: егер Ресей Украинаға басып кірсе, "Солтүстік ағын 2" жобасы тоқтайды, – деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайс.

Ал, Кремль НАТО-мен болған келіссіөздер туралы "оптимизмге негіз аз" екенін жариялады.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "диалогты жалғастырудың әрқашан болашағы бар, бұл – біздің де, америкалықтардың да мүдделеріне сай" деп мәлімдеп, Ресейден жақын арада жауап болатынын айтты.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-тың мәлімдемесі кейбір мәселелер бойынша "байыпты келіссөздің басталуына" әкелуі мүмкін екенін айтты, бірақ "құжатта негізгі мәселе бойынша оң жауап жоқ" деп баса атап өтті. Соңында "Кремль шенеуніктері Путинге ұсыныс жасайды" деп қорытындылады Лавров.

Вашингтон Ресейдің Украинаға шабуыл жасау қаупіне байланысты БҰҰ-ның отырысын өткізуге шақырды. Америка Құрама Штаттары келесі дүйсенбіде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ашық отырысын өткізуге тырысады. АҚШ тарапы Ресейдің "халықаралық бейбітшілікке айқын қауіп төндіргенін" және "қауіпті әрекет" жасап жатқанын айтады.

Украина дағдарысына байланысты батыс елдері мен Ресей арасындағы шиеленіс қалай өрбіп жатқаны туралы қысқаша ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз: 

  • "Ресей Украинаға басып кіру үшін сылтау дайындап жатыр" деп хабарлады Әл-Жазира телеарнасы.
  • "Ресей Украинаға басып кіруі мүмкін" деген қауіп күшейген кезде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Еуропаға барды
  • "Барлық нұсқа тыс қалмайды. Дипломатиялық нұсқа да". АҚШ мемхатшысы Еуропаға неге бара жатыр?
  • Джо Байден Ресей Украинаға шабуыл жасаса, Мәскеуді "апат" күтіп тұрғанын ескертті.
  • АҚШ барлау агенттері Ресей Украинаға қашан шабуылдауы мүмкін екенін жариялады.
  • Ресей соғыс ұшақтары Киевке жақын Беларусь еліне жиналды.
  • Ағылшын саясаткері Ресей Украинаға басып кіретіні сөзсіз екенін және шабуыл жақын арада болатынын мәлімдеді.
  • АҚШ, Ұлыбритания Украинаға қару-жарақ жіберіп жатыр.
  • Дания, Испания, Франция және Нидерланды Шығыс Еуропаға жойғыш ұшақтар мен әскери кемелер жіберуде.
  • Ресей ықтимал шабуыл туралы ақпараттарды жоққа шығарды.
  • Германия қазірге Украинаға қару-жарақ бермейтінін айтты бірақ медициналық көмек көрсететінін жариялады.
  • Екі жақ (Батыс-Ресей) соғысқа дайындықпен қоса, дипломатиялық келісімге келуге тырысуда.
  • Франция мен Германия Ресейді диалогқа шақырды.
  • Ресей, Украина, Германия және Франция дипломаттары келіссөз жүргізді.
  • Батыс елдері Украинаға шабуыл жасалса, зардабы ауыр болатынын мәлімдеді.
  • АҚШ өз азаматтарын Украинадан шығып кетуге шақырды.
  • "Біз қалай болса да дайынбыз". НАТО Ресейдің талабын тойтарды.
  • Байден: Бұл – екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі шабуыл болуы мүмкін
  • Байден Ресейдің Украинаға қашан шабуыл жасайтынын айтты.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар