Солтүстік Қазақстан облысында өнеркәсіптік кәсіпорындар биылғы жылдың 11 айында 136 млрд теңгенің өнімін өндірген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,9 % - ға артық, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі басым –75,5%, электр қуаты, газ, бу және ауа баптау саласында – 19,2% болды. Тау-кен өнеркәсібі үлесі 1,3% - ды құрады», - деді индустриялық - инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марат Ысқақов.
Өңдеу өнеркәсібіндегі физикалық көлем индексі өткен жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда 2013 жылдың сәйкес кезеңінде 105,8%-ды құрады.
Химиялық өнеркәсіп өндірісі 23,8%-ға, сүт өнімдері – 39,4%, жеңіл өнеркәсіп – 25%, ет өнімдері өндірісі – 15,3%-ға артып отыр.
Пікір қалдыру